Ашық сабақ

2018 жылдың 14 қарашасында математика магистрі М.Ж. Жұматай «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері үшін «Multimedia technologies» тақырыбында ашық дәріс өткізді. ҚР Білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және аккредиттеу кеңесінің ұсынысы бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні осы жылдың қыркүйек айынан бастап институттың барлық мамандықтары үшін ағылшын тілінде оқытылады.

Сабақтың барысында компьютерлік бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды, проблемалық сипаттағы өзекті мәселелер қойылды, студенттермен ғылыми диалог ұйымдастырылды. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді.