Қашықтықтан тәжірибе алмасу

Білім беруді жаңғырту орталығы, №79 мектеп-лицейі, Назарбаев зияткерлік мектептері және Еуразия гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан тәжірибе алмасу: қазақ тілі мен әдебиеті пәні» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар жұмысына қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова қатысты.