Астана 2025 Халықаралық форумы

2025 жылғы 29-30 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам жоғары дәрежелі үкімет делегаттары мен бизнес-көшбасшыларын жинаған Астана Халықаралық форумы өтті. Форумның негізгі бағыты 4 негізгі тақырыптық бағытқа: сыртқы саясат және қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климат, экономика және қаржыға бағытталған. Форум бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу және жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған жаңа әріптестік қатынастарды қалыптастыру платформасына айналды.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын форумда шараға еріктілер ретінде қатысқан студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары таныстырды.