Астанаға – 20 жыл

2018 жылдың 17 мамырында ПМНО-15-01 тобының студенттері Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдығына арналған «Астана – Қазақстанның елордасы: тарих және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Институттың тәрбие ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна құттықтау сөз сөйледі. Студенттер қала тарихы туралы ақпарат жинау барысында үлкен жұмыс атқарды. Студенттер Ақмола, Целиноград және Астана тарихы туралы кезең-кезеңмен баяндау жасады. Әрбір бөлімде презентациялар, бейнероликтер және көрнекті материалдар көрсетілді. Іс-шараның соңында студенттер елорда туралы өздерінің пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісіп, Астанаға деген ізгі тілектері бар өлеңдер оқыды.