Астана қаласы бойынша ПД жедел-криминалистикалық басқармасы базасында көшпелі практикалық сабақ

А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен  Астана қаласы бойынша полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде 2025 жылғы 21 қазан заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы В.В. Салиенко және доцент Ю. Н. Дрокинаның ұйымдастыруымен Астана қаласы полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистикалық полигоны базасында «Құқықтану» білім беру бағдарламасы тергеу-криминалистикалық және қылмыстық-құқықтық білім беру траекторияларының төртінші курс студенттерімен көшпелі практикалық сабақ өтті

ЕАГИ студенттері үшін заң пәндері кафедрасының оқытушыларымен бірге ПД ЖКБ практикалық қызметкерлері криминалистикалық полигонның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ЖКБ қызметінің негізгі бағыттарымен, ғылыми және материалдық-техникалық базасымен, криминалистикалық зерттеулер жүргізудің озық әдістемелерімен танысу бойынша практикалық сабақ өткізді. Ең тәжірибелі криминалист-мамандар қазіргі заманғы криминалистикалық техникалық құралдарды қолдана отырып, сәйкестендіру криминалистикалық зерттеулерін жүргізудің өзекті әдістемелерімен, жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді тактикалық қамтамасыз ету негіздерімен таныстырды.

Көшпелі сабақ білім алушылар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер тарапынан қызығушылық тудырды. Студенттер теориялық білімді практика жүзінде бекітіп, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүйесіндегі жұмысқа байланысты кәсіби қызметте қажетті базалық құзыреттерді игеру бойынша пайдалы тәжірибе алды.