Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК әйелдеріне арналған 8 наурызға арналған мерекелік концерті

 

2023 жылғы 3 наурызда жастар іс жөніндегі комитет, Студенттік Парламент және А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының еріктілер орталығы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК әйелдеріне арналған іс-шара өткізілді.

Осы көктемгі күні Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас дәрігері С.К. Нұрашева мен ЕАГИ тәрбие работе жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Я. Н. Оспанова құттықтау сөз айтып, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Залдағы қонақтар студенттердің орындауындағы домбырада әндер, билер, музыкалық шығармаларды қол шапалақтап қарсы алды. Жарқын костюмдер мен әсерлі нөмірлер ұмытылмас әсер қалдырды.