Астана қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2024 жылғы 16 сәуірде А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Дін істері басқармасының қолдауымен Дін мәселелерін зерттеу орталығы өкілдерімен жаңа форматтағы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы, орталықтың оқытушы-теологі Нұрахметұлы Арман институт студенттерімен жастардың дәстүрлі емес идеологияға қарсы иммунитетін дамытуға бағытталған кездесуінде студенттермен қызықты сұрақтар талқылады.