Астана қаласы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ЕАГИ ректорының кубогына волейболдан турнир

2023 жылғы 22 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, ЕАГИ ректорының кубогына волейболдан студенттік турнир өткізді, оған А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Esil University, дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS), «ЕАГИ Жоғары колледжі» мекемесі қатысты.

Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Ильиных Сергей Сергеевич және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Ярослава Николаевна құттықтау сөз сөйледі.

Табанды күресте бірінші орынды және ЕАГИ ректорының кубогын «Феникс» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) жеңіп алды; екінші орынды «Экипаж» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) және үшінші орынды «ФСН (ЕАГИ)» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) иеленді.

Сондай-ақ, турнир қатысушылары арасында «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясының жеңімпаздары анықталды:

* жігіттер арасында – Әбдіров Ердаулет (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
* қыздар арасында – Ермеккалиева Камила (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушыларға – ЕАГИ-дің дене шынықтыру оқытушысы Волков Олег Александровичке және ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясының жетекшісі, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті Сейфуллин Маратқа (ЮК-22-01 академиялық тобы) Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Бұл турнир 150-ден астам қатысушылар мен жанкүйерлерді біріктіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ елорданың студент жастары арасында достық және командалық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды!

Алдағы уақытта жеңістер тілейміз!