Астана қаласының Білім департаменті мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру
2023 жылғы 27 қарашадан бастап ағымдағы күнге дейін Астана қаласының Білім департаменті мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум іске асырылып жатыр. Меморандум аясында педагогика кафедрасы ұйымдастырған сабақтарға Астана қаласының 20-дан астам мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысады. Сабақтың мақсаты –педагогикалық мамандыққа байланысты ақпараттық және кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету болды. Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Сабақтар интерактивті форматта өтеді.