Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына экскурсия
2023 жылғы 2 мамырда заң пәндері кафедрасының доценті Ю.Н. Дрокин «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және құқық қолдану органдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс жүргізу шеңберінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия сот кеңсесінің меңгерушісі А.С. Ахонованың тікелей қатысуымен өтті. Аталған іс-шараны өткізу барысында студенттер Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының даму тарихымен, оның құзыретімен, қызметінің ерекшелігімен, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде сот бақылауын қамтамасыз етудегі рөлі мен маңыздылығымен танысты.