АSTANA EURASIAN BOOK FAIR – 2025

2025 жылғы 23-27 сәуір аралығында «Foliant» баспасы ұйымдастырған VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында есігін айқара ашып, кітап сүйер қауымға Испания, Иран, Түркия, Ресей, Қырғызстан және т. б. 15 елден басылымдарды ұсынды.

Қазақстан Республикасының «Атамұра» корпорациясының «Мектеп», «Алматы Кітап», «Foliant», «Қазақстан», «Өнер», «Академия Абая». баспаларының жаңа басылымдарының тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында авторлармен кездесулер, қолтаңба-сессиялар, презентациялар, сұрақтар мен жауаптары бар интеллектуалды викториналар, ашық диалог сағаттары ұйымдастырылды.

Көрме-жәрмеңкеге А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының қызметкерлері: А.С. Оспанова, Э.Д. Бекбулатова, Р.М. Шакимова, С.Н. Баракова шеберлік сыныптарына белсенді қатысты.