«Astana Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі

2025 жылғы 24 сәуірде шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті С.Е. Давлетова және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері (ШТ-22-01,  ШТ-22-02 академиялық топтары) «Astana Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты. Көрмеде студенттер қазақстандық және әлемдік әдебиетке қатысты түрлі жаңа басылымдармен танысты. Сонымен қатар олар баспа өкілдерімен, авторлармен және ұйымдастырушылармен сұхбаттасып, баспа жұмысы мен әдеби тенденциялар туралы өзекті ақпарат ала алды. Іс-шара студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, олардың тілдік және мәдени білімдерін арттыруға ықпал етті.