Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы

Бүгінгі күні республикамыздың астанасы – өзінің экономикалық-іскер әлеуеті арқылы біз үшін ең амбициозды жобаларды жасауға шексіз мүмкіндік беретін болашақ қаласы.

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының ұстаздары мен студенттері форумдарға осындай жиі қатысады. 28-30 қазан күндері VI Халықаралық инвестициялық форумына ФК-3-20 және ФК-14-01 студенттері мен аға оқытушы, магистр Сембаева А.Ж. белсене ат салысты. Форум барысында Астананың Еуразиялық кеңістіктегі Ұлы жібек жолы бағдары бойынша Көліктік және Инфрақұрылымдық Хабы ретіндегі әлеуеті туралы сөз болды. Бұдан басқа, Астанада Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы практикалық білімді жіне ғылыми жұмыстарды алмастыруға арналған Халықаралық қаржылық Хабты қалыптастыру бастамасы туралы да айтылды. Форумның шеңберінде әлемдік атаққа ие: Кьелл Нордстрем, Сергей Макаров, Дуглас ван де Берге сияқты коуч өткізген мастер-кластар болады. Форумның панельдік сессияларына қатысу үшін инвестициялар мәселелері жөніндегі сарапшылар, ірі кәсіпкерлер, әкімдер және Қазақстандағы ұлттық компанияларының басшылығы шақырылды. Форум барысында инвестициялық жобалардың арнайы көрмесі ерекше рөл атқарды. Сонымен бірге, жобалардың инвестицияляқ тиімділігі де студенттерді ерекше қызықтырды.