Астанада Президенттің қатысуымен республикалық Жастар форумы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай өткен республикалық Жастар форумына Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Оған еліміздің барлық облыстарында өткен облыстық жастар форумынан іріктеліп алынған жастар қатысты. Астана қаласы делегаттары ішінде институтымыздың Жастар ісі жөніндегі төрайымы Нұргүл Тырнаханқызы да бар. Форумға қатысушыларға арнайы Президенттің қолтаңбасы бар «Ұлы дала ұлағаттары» атты Н.Ә.Назарбаевтың кітабы сыйға тартылды.