Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті

2019 жылдың 23 қаңтарында Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында әкімшілік, профессорлар-оқытушылар құрамы, студенттер Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімін тікелей эфирде тамашалады.

Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, «100 жаңа тұлға» конкурсының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашыл, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар және т.б. қатысты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға арнаған сөзінде Қазақстанның келешек дамуында жастардың рөлі мен мәнділігін ерекше атап өтті.

Елде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен іске асыруға бағытталған іс-шаралардың ауқымды жоспарын жүзеге асыру басталды.

Іс-шара аясында жас қазақстандықтардың жүзеге асырып жатқан табысты жобалары мен ең жаңа нәтижелері көрсетілді. Спикерлер ретінде қызметтің әртүрлі салаларында табысқа жеткен жас қазақстандықтар сөз сөйледі.

Астанада Президенттің қатысуымен өткен форум жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятты.