Астанада Универсиада басталды

Қатысушылар спорттың 18 түрінен сынға түседі. 12 ақпан Назарбаев Университетінде ЖОО студенттері арасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Универсиада басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары спорттың 18 түрінен: волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (қыздар), шорт-трек, шағын футбол (қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (ұлдар), стритбол (қыздар) және үстел теннисінен сынға түседі.

Еуразия гуманитарлық иститутының волейболдан ұлдар командасы алғашқы кездесуін Астана Университеті командасымен жарысып 2-1 есебімен жеңіске жетті. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.