Астаналық мәслихатта Дөңгелек үстел өтті
2017 жылдың 10 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Қ. Ә. Ахметов «Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыспен күрес бойынша құқық қорғау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел кезекті сессияға дайындық аясында Астана қаласы мәслихатының бастамасымен ұйымдастырылды. Сессияға дайындалу барысында депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылған жұмыс тобы ішкі істер департаментінің бөлімдеріне барып, оның қорытындысы дөңгелек үстел аясында талқыланды. Қаланың ІІД-нің бастығының орынбасары Батырлан Есенбай баяндамасын оқыды.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларын қызықтырған сұрақтарға және айтылған мәселелерге қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин мен Астана қаласының ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Аубакиров жауап берді. Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г. Нурпиисов, Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукин, ішкі істер департаментінің бастығы А.А. Аубакиров, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, құқық қорғау құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.