«АСЫЛ ЖҮРЕК» КЛУБЫ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ВЕБИНАРДА

2020 жылдың 9 желтоқсанында педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева және «Асыл жүрек» клубының еріктілері ZOOM онлайн-платформасында «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға техникалық және кәсіптік білім беру: ТжКБ жағдайында инклюзивті білім беру кеңістігін ұйымдастыру тәжірибесі» вебинарына қатысты.

Тыңдаушылар вебинарды ынта қойып тыңдады, ақпарат мазмұнды болды. Виртуалды зертханаларды ұйымдастырушылар мен ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталықтың директоры, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, спикер З.А. Мовкебаеваға алғысымызды білдіреміз.