«Асыл жүрек» клубының мүшелері тренингте

2022 жылдың 14 ақпанында Педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева және «Асыл жүрек» клубының мүшелері «Көбелек» жәндіктерді зерттеу үлгісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың формалары мен әдістері» тақырыбында онлайн-форматтағы тренингке қатысты. Тренингті Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ басшысы Т.С. Алхатова ұйымдастырды. Алхатова Толкын Сериковна – оқытушы-зерттеуші, психология магистрі, дефектология бакалавры, ғылыми қызметтің аккредиттелген субъектісі. Тренингке қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өте қызықты практикалық материал алды.