«Асыл жүрек» клубының волонтерлерін құттықтаймыз!
2020 ж. 13 ақпанда педагогика кафедрасының үйлестірушісі А.Т. Аязбаева ЕАГИ-дің «Асыл жүрек» клубының волонтерлерімен бірге «Жанұя» отбасылық қолдау институтының орталығына барды.
Волонтерлер денсаулығына орай ерекше білім алу мүмкіндіктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған тренингтер өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар белсенді, мейірімді болды және жағымды кері байланыс орнатты.
Тренинг соңында «Жанұя» орталығының басшылығы «Асыл жүрек» клубының волонтерлеріне алғыс хат тапсырды.