«Асыл жүрек» клубының волонтерлерін құттықтаймыз!

2020 ж. 13 ақпанда  педагогика кафедрасының үйлестірушісі А.Т. Аязбаева  ЕАГИ-дің  «Асыл жүрек»  клубының волонтерлерімен бірге «Жанұя» отбасылық қолдау институтының орталығына барды.

Волонтерлер денсаулығына орай  ерекше білім алу  мүмкіндіктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған тренингтер өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар белсенді, мейірімді  болды және жағымды кері байланыс орнатты.

Тренинг соңында «Жанұя» орталығының басшылығы «Асыл жүрек» клубының волонтерлеріне алғыс хат тапсырды.