«Асыл жүрек» клубының жаңалықтары

2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Асыл жүрек» клубының мүшелері Бөрібай Айжанмен бірге (ППК-15-01) тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірдің қиын жағдайларынан өтуде көмек көрсету, еріктілер қозғалысын дамыту, азаматтардың және оған қоса мүгедектердің жұмыспен қамтылуларына көмек беру, әлеуметтік мәселелерді шешуде ақпараттық өрлеу сынды бағыттар бойынша өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты Республикалық конкурсқа барды.

Конкурс елдегі проблемалық жағдайларға қолдауды қажет ететін адамдардың көздерімен қарауға мүмкіндік берді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Нұр Отан» партиясы мен «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры» АҚ ұйымдастырды.