«АТАМЕКЕН»

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген болатын. Ұрпақ ұлттың рухани тамырынан нәр алу үшін әдебиеттің атқаратын қызметі маңызды. Сондықтан да қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау арқылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көздеген рухани құндылықтарымызды сақтап, әлемдік өркениеттің бір бөлшегі ретінде мәңгі жасай аламыз.

Еуразия гуманитарлық институты Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы мен Ахмет Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицей ұйымдастыруымен Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадір Мырза-Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Атамекен» тақырыбында өлең оқу челенджі өтуде.