АУДАНДЫҚ «Қ.КЕМЕҢГЕРОВ ОҚУЛАРЫ»

2017 жылдың 16 қазанында Павлодар облысы Баянауыл ауылының Күркели ауылында Қошмұханбет Кемеңгеров атындағы мектепте дәстүрлі бесінші «Кемеңгеров оқулары» өтті.  Оған Ж.Аймауытов, Е.Бекмаханов, А.Марғұлан, С.Торайғыров атындағы мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жұмыс үш секция бойынша жүргізілді: 1) «Алаш мұрасы және осы заман» ғылыми еңбектерді қорғау; 2) «Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасының желісі бойынша сурет салу»; 3) «Өлең – сөздің патшасы» (мүшәйра).

Мектепте өткен іс-шараға қонақ ретінде Қ.Кемеңгеровтың ұрпақтары жазушының немересі, Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Р.Н.Кемеңгеров, шөбересі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті Қ.Р.Кемеңгеров және шөпшегі Қ.Қ.Кемеңгеров қатысты. Қ.Р.Кемеңгеров өз сөзінде Алаш қозғалысы қайраткерлерінің рөліне тоқталды.

Қ.Кемеңгеров атындағы мектепке алғыс ретінде жазушының ұрпақтары музыкалық күйсандық және кітаптар сыйлады.