«Аударма саласында IT технологияларды қолдану» семинары

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында шетел тілдері кафедрасында 6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған онлайн форматта «Аударма саласында IT технологияларды қолдану» оқыту семинары өтті. Еуразия гуманитарлық институтының түлегі Е.А. Бочаров спикер болды. Евгений Александрович IT технологияларды жазбаша да, ауызша да қолдану туралы айтып берді, аударма бойынша онлайн RSI платформаларының тізімін ұсынды, сондай-ақ аудармашы жұмысындағы CAT жүйелерінің артықшылықтарына егжей-тегжейлі тоқталды. Сөз соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан толық жауаптар алды.