Ауызекі ағылшын тілі клубының отырысы

2022 жылдың 1 қарашасында п.ғ.к.,  шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М.  Сарсенованың жетекшілігімен ағылшын тілі клубының кезекті отырысы өтті.  «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Мартынова Маргарита мен Мукашева Карина «Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер БҰҰ-ның пайда болу тарихымен және халықаралық қарым-қатынастың жаһандық мәселелерінде түсінікті және дәл қарым-қатынасты қамтамасыз ететін БҰҰ-ның ресми тілдерінің маңызды рөлімен танысты.