Ауызекі ағылшын тілі клубының отырысы

3 қазанда шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сәрсенова мен ПД-19-01 академиялық тобының студенті Д.Сәрсекеевтің жетекшілігімен «The rules of good presentation» тақырыбында ағылшын тілі клубының отырысы өтті. Студенттер компьютерлік презентация ұғымымен, оны жасау ерекшеліктерімен жақынырақ танысты, Canva және Power Point қосымшаларында презентация жасау дағдыларын пысықтады. Клуб отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар әртүрлі өзекті тақырыптарда ағылшын тілінде өз презентацияларын дайындады.