«Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыста» тақырыбындағы кураторлық сағат

2022 жылдың 6 мамырында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында ЮР-19-01 академиялық тобында («Құқықтану» білім беру бағдарламасы) «Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыста» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта топ кураторы з.ғ.к., доцент Ж.Н. Альмухамбетов топ студенттерін КСРО-ның екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісіне қол жеткізудегі Қазақстанның рөлімен таныстырды. Қазақстан халқы жеңіске жету үшін қосқан орасан зор материалдық құрамдасқа баса назар аударылды. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері жеке сұрақпен қарастырылды: Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигелдиновтың, Мәншүк Мәметованың, Әлия Молдағұлованың, Бауыржан Момышұлының және Қазақстанның басқа да көптеген ұлдары мен қыздарының ерліктері халқымыздың батылдығының, табандылығының, қайсарлығының қайталанбас мысалдары болып қала береді.