Қазақстан – Ұлы дала елі
2016 жылғы 20 қыркүйекте «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-15-01, ҚТӘ-15-02 топтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – ұлы дала елі» тақырыбындағы кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында топ кураторы ғылым магистрі, аға оқытушы Г.С.Райнбекова еліміздің жаңа белеске шыққан кезінен бергі жетістіктерімен таныстыра отырып, география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017» сынды Отанымыз туралы кең ауқымды тақырыптарды қамтитын, нағыз сандық энциклопедия болып саналатын сандық технология саласындағы «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» атты жаңа өнімнің тұсаукесерін жасады. Эксклюзивті болып табылатын және де бұған дейін жарияланбаған танымдық сипаты мол бірнеше фотосуреттер мен бейнематериалдар білім алушылардың назарын бейжай қалдырмады.