Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілімен кездесу
2024 жылғы 22 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында бітіруші курс студенттерінің Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаментінің басшысы, Экономикалық тергеу қызметінің полковнигі А.О. Жүнісовпен «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі» тақырыбында кездесуі өтті. Ғылыми және оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырды, өздерін қызықтырған сұрақтарына барлық қажетті ақпаратты алды.