Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2023 жылғы 6 желтоқсанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аға әділет кеңесшісі И.Н. Сейткасимованың «Қазіргі қоғамның іргелі адамгершілік құндылықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен салдары және олардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ретінде барлық қажетті ақпаратты алған студенттердің қызығушылығын тудырды.