Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі

18 тамызда Еуразия гуманитарлық институты профессорлар-оқытушылар құрамының өкілдері тамыз кеңесіне қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның айтуынша, кеңес білім беру мәселелерін талқылауға арналған ең ауқымды және ашық диалогтық алаң болып табылады және саланың даму мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын кәсіпқой мамандарды жинайды. Кеңес жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев, аумақтық білім беру ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары, мұғалімдер, ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. «БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ!» атауымен өткен отырыста білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері талқыланды.