Қазақстан Республикасы күніне арналған кураторлық сағат

2025 жылғы 24 қазанда Б. Б. Мажитова Ф-23-01 академиялық тобымен 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің бойында азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Кураторлық сағат барысында студенттер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді еске алып, республиканың негізінде жатқан бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтары туралы ой қозғады.