Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара

2022 жылғы 22 қазанда Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара бағдарламасы еліміздің мемлекеттік әнұраны мен ректор, психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов пен оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметовтің құттықтау сөздерінен басталды. Өз сөздерінде Республика күнін атап өтудің сөзсіз маңыздылығын атап өтті. Мерекенің тарихи маңызы және оның қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына әсері туралы т.ғ.к., профессор С.А. Есқалиев баяндама жасады.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының жеңімпаздарын және «Атамекен» тақырыбындағы диктанттарды марапаттау рәсімі өтті. Ректор, психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов және тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Іс-шара біздің институт студенттерінің музыкалық және шығармашылық нөмірлерімен безендірілді.