Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

2019 жылдың 4 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Ф.Бычкова, Б.Т.Кесебаев, Қ.С.Мусин мен Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының ЕАГИ әкімшілігімен, профессорлар-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында өткізілді.

Депутаттар өз сөздерінде Мемлекет басшысы Жолдауының әлеуметтік бағытын атады және білім беру, денсаулықты сақтау саласы мен қазақстандықтар өмірінің сапасын арттыруға қатысты өзгерістерді жан-жақты талқылады. Сөз сөйленіп болған соң, қонақтарға аудиторияны қызықтырған сұрақтар қойылды.