Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын талқылау
Еуразия гуманитарлық институтында басты тақырыбы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы болған кураторлық сағат өтті. ПДС-18-01 тобының студенттері және топ кураторы (магистр, аға оқытушы Б.А. Сиренова) Жолдаудың негізгі ережелерін талқылады. Студенттер осы жылы Елбасының Басымдылықтың бірі ретінде – жоғары білім беру саласындағы жаңғырту процесін белгілегеніне назар аударды. Студенттер слайдтар мен презентациялар дайындады.