Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кураторлық сағат

2016 жылдың 8 қыркүйегінде шетел тілдері кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізді. Бұл іс шараға ИЯ-15-01 тобының студенттері қатысты.

Кураторлық сағат жоғары деңгейде өтті. Студенттердің кураторлық сағат тақырыбына деген қызығушылықтары байқалды. Олар квиздарға белсенді қатысты, сөзжұмбақтар шешті, Тәуелсіз Қазақстан тарихының қызықты фактілерін естеріне түсірді, мемлекетіміздің болашағы үшін жаңашыл ойлар ұсына отырып, еліміздің ұзақ мерзімді келешегін талқылады.

Талқылауға қатысқан барлық студенттер өз елдеріне деген мақтаныш сезімдерін және оның дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.