Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қабырға газеттері байқауы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заң пәндері кафедрасы Студенттер үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қабырға газеттерінің байқауын өткізді.
Қазылар алқасы байқауға қатысқан студенттердің жұмыстарын мұқият қарап, бағалады. Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор К.З. Идрисов, аға оқытушылар Н.К. Даурембеков, А.Э. Тортаева байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.