Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған футболдан турнир

2021 жылғы 22-23 қыркүйекте ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған футболдан турнир өткізді. Бірінші орынды «Алаш» командасы, екінші орынды «Патриот» командасы және үшінші орынды «Urteam» командасы жеңіп алды.

«Үздік қақпашы» номинациясымен Алымжан Балтиев (ЮК-18-02); «Турнирдің үздік ойыншысы» – Тілеуқабыл Төлеген (ЮК-18-02) марапатталды.

Спортшыларымыздан алдағы уақытта да жеңістер тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!