ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘНДЕТ» ВОКАЛДЫҚ-АСПАПТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік Парламенті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әндет» вокалдық-аспаптық конкурсын онлай форматта өткізді. «Әндет» онлайн байқауы екі турда өтті: 1 тур – 2021 жылғы 14 сәуір мен 30 сәуір аралығында бейнероликтерді жазу және телеграмм ботқа бейне қабылдау; 2 тур – 2021 жылғы 1-3 мамыр аралығында Telegram каналында кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруін қорытындылау.
«Вокал» номинациясында келесі студенттер жеңіске жетті:
1- орын – Балтабекова Диана (ПД-20-01 тобы);
2- орын – Жаңбырбай Әсем (ПД-20-01 тобы);
3- орын – Гарип Гулім (БО-19-01 тобы).
«Аспаптық орындау» номинациясында орындар келесідей бөлінді:
1- орын – Ляшенко Ксения (ПМНО-18-01 тобы);
2- орын – Швецова Дарина (ЮР-20-01 тобы);
3- орын – Лупик Роман (ЮР-18-02 тобы).
«Еркін жанр» номинациясында келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
1-орын – Бекенов Думан (ЮРТ-20-01 тобы);
2- орын – Жусупбеков Мирас (ЮҚ-20-01 тобы);
3- орын – Құрман Арайлым (ҚТ-20-01 тобы).
«Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпаздары: «Вокал» жанрында Бекенов Думан (ЮРТ-20-01 тобы), ал «Аспаптық орындау» жанрында Лупик Роман (ЮР-18-02 тобы) жеңіп алды.
Қорытынды шығару салтанатында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова әріптестеріне және барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, байқаудың мақсаты студент жастардың бойында ортақ мәдениет пен көркемдік-эстетикалық талғамды қалыптастыруға ықпал ету, студенттердің дарынды вокалдық қабілеттеріне, сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтындарға қолдау көрсету екенін атап өтті.
«Әндет» вокалдық-аспаптық байқауының жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал байқаудың ұйымдастырушылары – студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары алғыс хаттармен марапатталды!