Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Викторина

2021 жылдың 16 желтоқсанында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Б.Б. Мажитова және осы кафедраның аға оқытушысы А.Г. Кожахметова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер үйінде викторина өткізді. Викторинаға «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері қатысты. Студенттер біздің мемлекетіміздің тарихы саласында жақсы білімдерін көрсетті.