Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет
2017 жылғы 27 қаңтарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-15-01, ҚТӘ-15-02 топтарында «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет» тақырыбындағы кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында топ кураторы ғылым магистрі, аға оқытушы Г.С.Райнбекова студенттерге зайырлылық дегеніміз не екенін, деструктивті ағымдардан сақ болу жолдарын түісіндіріп, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсымен таныстырды.