Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтері психологтарының онлайн кеңесі

2023 жылғы 24 ақпанда А. К. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының психологиялық қызметінің жетекшісі А.Н. Қабыл «Google Meet» платформасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтері психологтарының онлайн кеңесіне қатысты. Кеңестің мақсаты: жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің кәсіби қызметінің мәселелері мен перспективаларын талдау болды.

Кездесуге қатысушылар психологиялық қызметтердің әлеуметтік және тәрбиелік рөлін, студенттерді психологиялық қолдау мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ білім алушылардың психологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұжымдық жұмыстың мүмкіндіктері, ҚР ЖОО психологтарының ынтымақтастық бағыттары, білім мен тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру туралы сындарлы әңгіме болды. Іс-шараға қатысушылар кездесуге белсенді қатысты.