«Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күні: тарих және мақсат» кураторлық сағаты
2021 жылдың 27 ақпанында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы М.З. Абильдина «Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күні: тарих және мақсат» тақырыбында ЮРТ-20-01 академиялық тобына кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта студенттер «Алғыс айту күні» мерекесінің пайда болу тарихын, оның мақсаты мен маңызын қарастырды. Студенттер осы тақырыпта баяндама жасап, басқа елдер үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың үлгісі болған этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін сипаттайтын «Тәуелсіздіктің 7 қыры: бір халық, бір тағдыр» деректі фильмін көрді.