«Қазақстан Республикасындағы криптовалюта: оң және теріс жақтары» тақырыбындағы ашық сабақ

2023 жылғы 10 мамырда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушысы э.ғ.к., доцент А.А. Ахметова «Экономика, кәсіпкерлік негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні бойынша ЮР-22-01 академиялық тобында (1 курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) «Қазақстан Республикасындағы криптовалюта: оң және теріс жақтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: криптовалютаның мәнін, оның Қазақстанда жұмыс істеу ерекшеліктерін ашу. Сабақ пікірталас түрінде өтті. Студенттер дайындалды, белсенділік танытып, сұрақтар қойды.