«Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» атты онлайн кураторлық сағат

5 қазан күні заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары  Тортаева А.Э. Абильдина М.З., Даурембеков Е.К. ЮК-20-01, ЮРТ-20-01, ЮР-20-01 топтардың студенттерімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» атты кураторлық сабақ өткізді. Сабақ онлайн жүйесімен zoom бағдарламасында өтті. Сабақтың барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияның елдегі нормативтік құқықтық актілер жүйесіндегі мәртебесі, оның құрылымы мен мазмұны туралы  баяндалды. Топ студенттері сабаққа белсенді қатысып, ұсынылған презентация мен бейнероликтерді мұқият тыңдады. Сабақтың соңында тақырыпты қорыта келе, кафедраның меңгерушісінің орынбасары Калдыбаев К.С. және аға куратор Байболатова Ф.Т. өз ризашылығын білдірді.