«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» кураторлық сағаты

2022 жылғы 14 желтоқсанда куратор Б.Б. Мажитова «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» кураторлық сағатын өткізді (Ф-19-01, Ф-22-01, ФТ-22-01 академиялық топтарында). Кураторлық сағаттың мақсаты: патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылды. Тәуелсіздік күні туралы студент М. Бербибаева баяндама жасады. Кураторлық сағат викторинамен аяқталды, оның барысында студенттер «Сіз Отанды қаншалықты жақсы білесіз?» және «ҚР Конституциясы» тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді.