Қазақстан Республикасының  Тұңғыш  Президенті күніне арналған  ашық онлайн кураторлық сағат

2020 жылғы 22 қарашада экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  ашық онлайн кураторлық сағат ұйымдастырды.

Кураторлық сағат барысында Елбасының Тәуелсіздікке ие болған жылдар ішіндегі ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары туралы және еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, халықты орасан зор істерге жұмылдырғаны, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісі туралы түсірілген «Елдіктің бастауы», «Парасатты шешім», «Ұйымдасқан ұтады» фильмдері тамашаланды.

Әр фильмнің соңында студенттер Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктер туралы өз ойларымен, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.