Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты онлайн іс-шара

2021 жылғы 30 қарашада Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты онлайн іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараның бағдарламасы еліміздің Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен және оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметовтың құттықтау сөзімен басталды. Қадыр Әбілжанұлы өз сөзінде Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні әрбір азаматтың жүрегінде ерекше орын алатын тәуелсіз және демократиялық Қазақстанның қалыптасу тарихындағы даусыз маңызды күндер екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында марапаттау рәсімі өтті. Ғылым, білім және тәрбие саласына сіңірген еңбегі үшін: «А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль» – доцент Дауренбекова Лаура Нұғайбекқызы; «А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль» – профессор Изакова Айжан Тендиковна, доцент Тажбенова Гульжан Дальтоновна, доцент Абельдинов Арман Садыкович марапатталды. Студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары Кәрім Ислам, Вагурина Анна, Қойшығарина Арайлым, Бұғыбай Айжан, Қарсыбек Алтынай, Тынысбек Мәдина, Штеккер Надежда, Малютина Марина, Игибаева Гаухар және Шуханов Рүстем Халықаралық студенттер күнін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «Қазақстанның дамуына менің болашақ кәсіби үлесім» эссе байқауының жеңімпаздарына дипломдар табысталды: Атығай Сәния (ЮК-21-01 тобы), Базар Айдана (ПП-21-01 тобы), Байділдина Бақытжан (ҚТ-21-01 тобы), Серікғали Әйгерім (ШТ-19-02 тобы), Әбдібекова Гүлім (Ф-20-01 тобы).

Тәуелсіз, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамыған Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы т.ғ.к., профессор Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы баяндама жасады.

Іс-шара біздің институт студенттерінің музыкалық және шығармашылық нөмірлерімен көріктендірді.