Қазақстан Республикасының тілдері күні
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының тілдері күні аясында «Астана Ұлы дала елордасы» мүшәйрасы мен «Арман қала – Астана» эссе жазу байқауы өткізілді. Еуразия гуманитарлық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім беру», «Аударма ісі», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті» «Тарих» мамандықтарының студенттері қатысушы ретінде де, көрермен ретінде де белсене қатынасты.
Сайысқа қатысушыларға оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Мемлекеттік тілді насихаттау және өзге ұлт өкілдерінің тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген эссе жазу және мүшәйра байқауына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-2-3-курс студенттері қатынасып, әсем әнмен әрлендіріп, поэзиямен сусындатып, көрермендердің көңілінен шықты.
«Арман қала – Астана» эссе жазу байқау қорытындысы бойынша, Өміртава Аружан жеңіске жетті. Екінші орынды ҚТӘ-16-01 тобының студенті Қуанышов Атабай иемденсе, үшінші орынды ПМНО-18-01 тобының студенті Валиева Алина алды. Никифорова Ирина мен Тілеш Еркежан алғыс хатпен марапатталды.
Мүшәйра сайысында студенттер сахнада «Астана Ұлы дала елордасы» мен еркін тақырыптағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде «Тарих» мамандығының 1 курс студенті Омаров Тойлыбек жеңімпаз болса, ҚТӘ-17-01 тобының студенті Сайын Жанар екінші орынды иеленіп, ҚТӘ-16-01 тобының студенті Тухан Нұрбол үшінші орынды жеңіп алды. Жеңіспаздар арнайы кітаптар мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Жас қаламгерлеріміз Қосылбекова Ақмарал (ҚТӘ-16-01 тобы студенті) мен Жүніс Жұлдыз (ҚТӘ-18-01 тобы студенті) белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қазылар алқасының атынан қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі доцент Л.Н. Дәуренбекова сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.